Жаңалықтар

Дәрігерлік көмек жалғасады



Үстіміздегі жылдың 29 мамырына дейін жалғасатын «Белсенді ардагер» айлығы аясында медицина қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, көмек көрсетуде.

Бұл айлық шара қоғамның назарын мүгедектердің, соғыс ардагерлерінің, оларға теңестірілген тұлғалардың денсаулығына аударуға бағытталған. Бұл күндері осы санаттағы азаматтарды диаг­ностикалық, зертханалық және медицина-сауықтыру іс-­шаралары кешендеріне қамтып, мамандардың сараптамалары мен кеңестері беріледі.
Өткен бір аптаның қорытындысы бойынша 400-ден астам мүгедектер, соғысқа қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғалар дәрігерлік тексеруден өтті. Бұл игі іске әлеуметтік қыз­меткерлер мен психологтар да қосылды. Бір аптада акция аясында әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар үш жүзге тарта тұлғаға қызмет көрсетті. Бүгінде, осы санаттағы 389 адам электрокардиография аппаратынан өтіп, ультрадыбыстық талдау бойынша 216 адам, компьютер­лік томографиядан бес адам өтті. Айта кету керек, акцияның бірінші аптасының қорытындысы осы санаттағы тұлғалар үшін жасалып отырған медициналық қызмет көрсету шараларының одан әрі жемісті болуына үміттендіреді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button