Жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 5000 АДАМ ҚАТЫСТЫ



aa5a1c30d4249b58e0402f90bda

Астанада «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясы өтті. Шараға қатысушылар алдымен Ж.Жұмабаев көшесімен екі шақырымдай жүгіріп өтіп, содан кейін «Жерұйық» саябағында ұйымдастырылған шарада бас қосты.

 Акцияның мақсаты – халыққа салауатты өмір салтын насихаттау.  Келген қонақтарға осы тақырыпта түрлі тренингтер жүргізіліп, диабет пен басқа да ауруларға экспресс тесттер өткізілді.     Ал қалалық саябақта ашылған «Денсаулық қалашығында» қатысушылар тегін медициналық көмектер мен денсаулықты күту жөнінде пайдалы кеңестер алды.

         Биылғы фестиваль ұлттық ойындардың енгізілуімен ерекшеленді. Қала тұрғындары күрес түрлері, таэквандо, каратэ, бокс және басқа да спорт шеберлерінің көрсетілімдерін тамашалады. Акция аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Бір қуантарлығы, биылғы акцияға 5 мыңнан астам адам қатысты.

Күнайым СӘКЕН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button