Елорда тынысы

Донорлар құрметіне ағаш отырғызылды



Елордада донорлар және ағзаларды трансплантация­лау күніне орай ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Шара Ақбұлақ өзенінің бойындағы «Өмір аллеясында» ұйым­дастырылды.

Іс-шараның мақсаты донорлардың батылдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру, қоғамда орган донорлығы мен трансплантацияға қарым-қатынасты қалыптастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ, қаланың экология жүйесін жақсартуға үлес қосу болды.

«Орган донорлығы күні Еуропалық орган донорлығы және трансплантация күніне орайластырылды және бізде алғаш рет өтіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан күнтізбесінде мұндай күн жоқ, бірақ оны ресми түрде қосқымыз келеді. Бұл күнді біз елімізде донорлық пен трансплантацияны дамыту жөніндегі ақпараттық жұмысқа арнаймыз. Мұндай іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр» дейді «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнібек Оспанов.

Іс-шара Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен өтіп, ағаш көшеттері отырғызылды. Акцияға республикалық Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қыз­меттерді үйлестіру орталығының қызметкерлері, «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, трансплантация алған және күтіп жүрген пациенттер, олардың туыстары және барлық қамқор азаматтар қатысты.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button