Жаңалықтар
E-ислам порталы ашылады
Елімізде e-ислам порталы ашылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. «Агенттіктің келесі жылғы ірі жобаларының бірі – е-ислам порталын ашу. Бюджеттен 27 миллион теңге қарастырылды. Қазір жоба аяқтала келді. Жыл соңына дейін сайтты іске қосып, келесі жылы толыққанды пайдалануға тиіспіз», – деді ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Мәжілістегі үшжылдық бюджет жоспарын талқылау барысында. Марат Әзілхановтың айтуынша, сайт ақпараттық-танымдық бағытта болады және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттайды.