Ел тынысы

Екі қыз есірткімен ұсталды

Астана полицейлері есірткіні заңсыз сақтағаны үшін екі қызды ұстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Республикалық «Дәрмек» ЖІПШ барысында елордалық полицейлер тұрғын үй кешенінің кіреберісінде есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан 20 және 21 жастағы екі қызды ұстады. Тексеру барысында олардың бірінің күртешесінің қалтасынан 10 пластик пакет табылды, оның ішінде тұнжыр ақ түсті ұнтақ зат бар.

Әрі қарай олардың тұрғылықты жерінен ішінен тұнжыр ақ түсті ұнтақ зат бар ыдыс, электронды таразылар, бөліп бууға арналған бос қалташалар, изотаспа және 150 колба табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 52,6 грамм мефедрон болып шықты.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі заттарды заңсыз өндіру, өңдеу, алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қалалық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуаныш Орынбетовтың айтуынша, биыл 61 есірткі қылмысы тіркелсе, оның 53-і есірткі бизнесіне қатысы. Заңсыз айналымнан 16,5 келі есірткінің әртүрлі түрлері тәркіленсе, оның 3,4 келісі синтетикалық есірткі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button