Шаһар шежіресі

Ел таныған тұлғалар



1983 жылдың тамыз айында түсірілген бұл суретте есімдері қазақ халқына кеңінен танымал үш адамды бөліп айтуға болады. Оның біріншісі – оң жақтан екінші тұрған, кезінде Қазақ ССР-і мәдениет министрі болған Жексенбек Еркінбеков. Екіншісі – одан кейін тұрған жазушы Мәди Хасенов те, үшіншісі – композитор Кенжебек Күмісбеков.

Алаштың арыс мінезді тұлғасы Жексекең басшылық қызметте жүргенде талай өнер адамының бағын ашып, әділ бағасын беріпті. Бұл туралы оның замандастары өз естеліктерінде талай рет жазды.

Көрнекті композитор, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кенжебек Күмісбековті қалың бұқара «Биші қайың», «Қансонар», «Аманат», тағы басқа да күйлері ал жергілікті қаламгер Мәди Хасеновті «Тұлпардың дүбірі», «Тайталас» повестері мен «Нартәуекел» романы арқылы жақсы таниды.

Суретте ел азаматтарының Целиноград облыстық алқалы бір конференцияда бас қосқан сәті. Оңнан солға қарай облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары С.Темірболатов, Қазақ ССР-і мәдениет минис­трі Жексенбек Еркінбеков, жазушы Мәди Хасенов, композитор Кенжебек Күмісбеков және облыстық байланыс басқармасы бастығының орынбасары О.Әбілқасымов.

Сағи ОРАЛ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button