Sport

Елеусінов ерледі



Олимпиада және Азия ойындарының чемпионы, әлем және құрлық біріншіліктерінің жеңімпазы ­Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстан IBF ­Inter-Continental тұжырымы бойынша чемпиондық атақты жеңіп алды.

АҚШ-тың Флорида штатында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстан 3 версия бо­йынша әлемнің экс-чемпионы Джулиас Индонгомен (23-3, 12 нокаут) қолғап тү­йістірді. Бұл Данияр Елеусіновтің (10-10, 6 нокаут) кәсіпқой бокстағы оныншы айқасы болды.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек барысында намибиялық боксшы бірінші раундта бір рет нокдаунға түсіп үлгерді. Ал екінші ­раундта Елеусінов сол қолымен шықшыттан ұрған кезекті соққысынан Индонго есін жинай алмады. Шаршы алаңдағы төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша Данияр Елеусінов нокаутпен жеңіске жетті. Осы жеңіс қазақстандық боксшының BoxRec рейтингі бойынша 40-орыннан 27-орынға көтерді.
«Мен үшін бұл жекпе-жектің орны бөлек, бұл титулдық айқас болды. Енді менің кәсіпқой бокстағы ресми рейтингім есепке алынады. Демек, алда үлкен айқастар күтіп тұр деген сөз. Жанкүйерлеріме үлкен алғысымды білдіремін және оларды қуанта беруге бар күшімді саламын. Ал алдағы жоспар туралы айтсам, енді ол келісімдерге байланысты болады. Бір білетінім, енді осал қарсылас болмайды» деді Данияр Елеусінов чемпиондық белбеуге қол жеткізген сәтінде.

 


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button