Еліне елеулі, халқына қалаулы
Қазіргі таңда елімізде жоғары білім саласы жылдан-жылға дамып келе жатыр. Себебі Қазақстанда егемендік алғалы бері Елбасымыздың қолдауымен жастардың сапалы білім алуына көп көңіл бөлінеді.
Еліміздің болашағы үшін атқарылған ізгі істер табысты болуы – Елбасының сарабдал саясатының арқасы. Сондықтан 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні халық жадында ерекше күн болып қалыптасты. Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны зор. Бұл ғасырлар тоғысында ата- бабалар аңсаған азаттықтың алауын жағып, тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге толерантты ұлт ретінде танытқан. Елбасы – Тұңғыш Президентке құрмет белгісі.
Гүлжамал ЖАПАРОВА,
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты,
«Тұран» университетінің ректоры
https://youtu.be/i9qTndXLQfY