1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні

Бейбіт елге айналдық

Баршаңызды 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз қазір экономикамыз дамыған, әлеуметтік жағдайымыз жақсарған, әлем таныған мемлекеттер қатарындамыз.

[smartslider3 slider=1273]

Осының барлығы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, оның сарабдал саясатының арқасында жүзеге асқан іс. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында біз талай асудан өттік. Қиындықтарды жеңе білдік. Ауызбіршілік, сүттей ұйыған татулық, ұлтаралық келісім салтанат құрды. Бейбітшілік сүйгіш мемлекетке айналдық. Жастарымыз шетелде білім алып, өркениетті елдің азаматтары қатарында елдің болашағы үшін еңбек етуде. Осының барлығында Тұңғыш Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбегі жатыр.

Жандарбек МӘЛІБЕКОВ,

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button