Мәдениет

«Елорда» ардагерлер хоры – Қатонқарағайда

Жақында Алматы ауданынының «Елорда» халықтық ардагерлер хоры Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай жеріне, Өр Алтайдың өрлі жазушысы Оралхан Бөкейдің еліне гастрольдік сапармен барып қайтты. 

Бұл сапарға  «Елорда» хорының мүшесі, көрікті Алтай жерінің тумасы Әсия Нұрбаеваның туған еліне қонақ болып барып қайту ұсынысы мұрындық болған еді.

Бізді Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов құшақ жая қарсы алды. Елодалықтар келген бойда сапаржайдан арнаулы автобуспен Қатонқарағай ауылына жолға шықтық. Межелі жерімізге кештете жеткен қонақтарды ауыл әкімі Қайрат Нұрқанов пен ауданның Құрметті азаматы Жәнібек Қызыров бірден ауыл клубында тағаттана тосып отырған көрермендерге алып келді. Өнерпаз қарияларымыз сахна төріне шығып, ән айтып, ауыл тұрғындарын риза қылды.

Ертесіне ауыл белсенділерінің ұйымдастыруымен «Патшалар жазығы» Берел қорымы мен маралдың мүйізінен қан алу көрініс­терін тамашалаған соң, ауыл тұрғындарының сұрауы бойын­ша алтын тойға арнайы шақырылып, жаңа үлгідегі концерттік бағдарлама қойылды.

Кешкісін «Баян» демалыс орнында демалушыларға «Елорда» хоры үлкен концерт берді. Репертуарларындағы қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының әндерін шырқаған бұл ұжымға көрермендер алақан қыздыра қол соғып, ұзақ қошемет көрсетті.

Өр Алтай жерінде осындай құрметке ие болған «Елорда» халықтық хоры көтеріңкі көңілмен Астанаға оралды.

Ұлттық құндылықтарымызды ән арқылы халықтың жүрегіне ұялатып жүрген ұжым сәтті сапардан шабыттанып, енді Ресей еліндегі қандастарымызға сапар шегуді жоспарлап отыр.

Манап ӘДІРЕШЕВ,

Алматы аудандық 

Ардагерлер

кеңесінің мүшесі,

медиатоп жетекшісі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button