#Жаңа Қазақстан

Елорда үшін маңызы зор



– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ­Республика күніне ұлттық мейрам мәртебесін беретін заңға қол қойды. Бұл барша қазақстандықтар үшін тарихи күн деуге болады. Өйткен себебі – 1990 жылы 25 қазанда еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданды. Сол құжат біздің республиканың мемлекеттілігін қалыптастыру жолындағы алғашқы құтты қадамы болатын. Ал тәуелсіздік тәжі болып табылатын еліміздің астанасы үшін бұл оқиғаның мән-маңызы өте зор. Егемендік пен елорда егіз ұғым саналатындықтан, тарихи құжатқа қол қойылған күннің бас қаламыз үшін атқаратын рөлі ерекше.

Мен, Астана қаласының тұрғыны ретінде, бұл мейрамның ұлттық мәртебесін алып, халқымызға қайтып оралғанын қуана қолдағандардың бірімін. Себебі Республика күні біздің тәуелсіздігіміз бен ел­дігіміздің бастауын белгілеп берді. Осы күні әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алып, әр отбасының өмір сүру сапасын жақсартуға бастайтын жолдағы алғашқы жасаған қадамымыз болды. Тәуелсіз мемлекет ретінде біз осы жылдары көптеген қиыншылықтарды бастан өткердік. Алайда біз бұл таңдаған даму жолымызды әуелде неден бастағанымызды, не нәрсеге қол жеткізгенімізді ұмытпауымыз керек. Отыз жылдан астам уақыт аралығындағы оқиғалар халқымызды ертеңгі күнге деген үміті, туған жерге деген сүйіс­пеншілігі, өзге этностарға деген мейірімділігі мен қонақжайлығы біріктіріп тұрғанын көрсетті. Яғни біз осы тарихи межеде не нәрсені сақтай алдық, не нәрсені қадірлей білдік, осылардың бәрін бізге қайтып оралған мәртебелі мейрамымыз – Республика күні есімізге түсіріп отыруы тиіс.

Барша қазақстандықтарды, елорда тұрғындары мен қонақтарын 25 қазан – Республика күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Арайлым ҚҰМАРЖАНОВА,

Астана қаласы мәслихатының депутаты




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button