Басты ақпарат

Елордада жарқыраған жаңа есімдер



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазмедиа» орталығында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесті. Айтулы жобада есім-сойы ерекшеленген 29 жас­тың 15-і, яғни тең жартысы – Астана қаласының тұрғыны. Бұл елорда жаңа идея мен жастар энергиясының символына айналғанын айғақтайды.

Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан еліміздің ерекше талантты және тұлғалық сипатқа ие адамдарын анықтауға бағытталған республикалық бұл жобаның екінші маусымы 2018 жылдың қыркүйек айында басталды.
Бұл жолғы «100 жаңа есім­­ге» қатысуға 2388 өті­нім берілген. Сарапшылар тобы жоба талаптарына сай 200 үміткерді анықтаған. Со­ңында онлайн дауыс беру арқылы 29 адам жеңімпаз ретінде танылды. Олардың қатарында қоғам, спорт, бі­лім, мәдениет, бизнес, ІТ, ме­дицина, ғылым және БАҚ са­ласының маманда­ры бар.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button