Жаңалықтар

Азаматтарды қабылдау күні әкімдіктердің «Ашық есік» апталығына айналды

Қордаланып қалған мәселелердің ауқымын ескере отырып, қала әкімдігі 15 ақпанға жоспарланған азаматтарды қабылдауды бір күнмен шектемеуді жөн көрді. Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың тапсырмасымен 13-22 ақпан аралығы «Ашық есік» апталығы болып жарияланды.

Тұрғындарға қолайлы болу үшін азаматтарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарында өкілетті мемлекеттік органдардың (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Қоғамдық денсаулық сақтау, Білім және тағы да басқа басқармалар) қатысуымен өтеді.
6 ақпанда және одан кейінгі күндері де көпбалалы аналардан түскен тілек-өтініштер жедел жүйеленіп, сарапталып, ұсыныстарымен бірге Үкімет жанынан құрылған азаматтардың табысын көтеру және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының қарауына жіберілді.
Жолданған сауалдар бо­йын­ша Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес екі айдың ішінде кешенді шаралар қабылданады, соның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мәселелері де қаралады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button