Жаңалықтар

Жеңілдікті көлік картасын қалай алуға болады?

Жеңілдікті көлік картасы Астананың тұрғылықты тұрғындарына, соның ішінде әлеуметтік жәрдемақылар орталығында тіркелген азаматтарға ғана беріледі.

Мұндай картаны алу үшін «Аstana LRT» компаниясының орталық кассасына (Қошқарбаев даңғылы, 50/1) барып, жеке куәлік пен жеңілдігі бар санатты растайтын құжатты (зейнетақы куәлігінің нөмірі) және фотосурет өткізу қажет. Құжаттар міндетті түрде тек түпнұсқа болуы тиіс. Карта қолма-қол дайын болады.
Сол сияқты өтінішті онлайн түрде де жіберуге мүмкіндік бар. Ол үшін www.trans­card.kz сай­тының «Электрондық өті­німдерді беру» бөліміне өтіп, «Жеңілдікті көлік картасын беру»-ді басасыз. Мұндай жағдайда карта 5 күн ішінде дайын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button