Sport

ЕЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫЛАР – ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА



Елордада өткен Қазақстан бокс федерациясы кубогының ширек финалында Астана командасы Жамбыл облысының құрамасынан 6:4 есебімен басым түсті.

Астананың намысын қор­ға­ған боксшылардың са­пынан Асхат Жүсіпов, Азат Махметов, Ілияс Сү­лейменов, Садриддин Ахмедов, Әділет Орынбасаров және Нұрболат Сермаханов жеңіске жетті. Осылайша, он жұптың алтауы жеңімпаз болған елордалық команда аталмыш турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Бұған қоса, ҚБФ кубогының келесі кезеңіне Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Маңғыстау облысы құрамалары өтті. Жартылай финал 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласында өтеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button