Жаңалықтар

Ережеге өзгерістер енгізілді



Елорда мәслихатында мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина өз сөзінде қаладағы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтауға қатысты мәселелерді баяндады.

[smartslider3 slider=1007]

Басқарма басшысы қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету, қаланың мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының мөлшерін белгілеу және тізбесін айқындау қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Ол Конституция күніне орай зейнет­керлер мен біржолғы жәрдемақы алушылар арасынан Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 2,5 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек енгізуді ұсынды. Сондай-ақ ардагерлерге теңестірілген Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысқандарға, Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға атаулы даталарда төленетін әлеуметтік көмектің көлемін 35 АЕК-ке дейін арттыруды ұсынды.

– Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларына қатысушылардың арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуді және коммуналдық қызмет ақысын төлеуді қамтамасыз етуді сұраймыз, – деді Сәуле Нұрғожина.

Әлеуметтік маңызы бар дертке шалдыққан адамдарды отынмен қамтамасыз ететін әлеуметтік жәрдем алушылар тізіміне қосу туралы өтініш жасалды. «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы» ережеге өзгерістер енгізілді. Оған «мүлік иелерінің бірлестігі» ұғымы енгізіліп, «кондоминиумды басқару органы» анықтамасы алынып тасталды.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button