Жаңалықтар
Еріктілер аула тазалады
«Астана жастары» КММ волонтерлері қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірге жалғызбасты зейнеткерлердің ауласының қарын тазалауға көмектесті.
[smartslider3 slider=1833]
Еріктілер қолдарына күрек алып, ауланың қарын аршып, жолын тазартты. Басты мақсат – тұрғындар үшін игі іс жасау. Игі шараға Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы да атсалысты. Мұндай көмек қариялардың көңіл күйін көтерумен қатар, болашаққа деген сенімін оятты.
Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ