Жаңалықтар

Еріктілер бауырсақ пен шәй ұсынды



Нұр-Сұлтанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» әлеуметтік қайырымдылық жобасы өтуде. Оның аясында еріктілер қала көшелерінде шай мен бауырсақ тарату шарасын өткізді.

«Бүгін ауа райының қолайсыздығына қарамастан, еріктілер «30 игі іс» акциясын қолдауға шығып, елорда тұрғындары мен қонақтарына, қаламызды тазалайтын «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратты. Осылайша, еріктілер аязды күні көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлап, оларды өз ықыластарымен жылытты. Барлығы 50 литр шай және 7 кг бауырсақ таратылды» деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы қалалық волонтерлер штабы.
Қардың көп түскені жеке үй тұрғындарына, қарт адамдарға көп қиындық тудырды. Осыған байланысты қалалық штаб пен Қазақстан Еріктілер лигасының еріктілері акция аясында зейнеткерлердің аулаларындағы қарды тазартуға көмектесті.

 




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button