Басты ақпаратЕлорда тынысы

Ертеңі жарқын елорда

Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-
Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген қала құрылысының негізгі құжаты қоғамда кеңінен талқылаудан өтті. Бас жоспарда елорда тұрғындары санының қарқынды өсуі ескеріліп, қаланы одан әрі қарқынды дамыту іс-шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда елордада шамамен 1 миллион 200 мың адам тұрады, ал болжам бойынша 2035 жылға қарай астаналықтар 2 миллион 300 мың адамға жетуі мүмкін.

Ел Үкіметі Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті. Бас құжатта елорданың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі қадамдар белгіленген. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Астананың негізгі қала құрылысы құжаты қоғамда кеңінен талқылаудан өтті. Онда халық санының қарқынды өсуін ескере отырып, қаланы қарқынды дамыту іс-шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда елорда тұрғындарының саны шамамен 1,2 млн адамды құрайды, 2035 жылға қарай аталған көрсеткіш 2,3 млн адамға жетеді деп күтілуде.

Бас жоспарда 164 мектеп, 178 балабақша және 93 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы қарастырылған. 2029 жылға дейін 15 заманауи Оқушылар сарайы салынады. Мұның барлығы жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады.

Елорданың тұрғын үй қорын 68,2 млн шаршы метрге дейін, ал жол желісінің ұзындығын 1000 шақырымға – 2,5 мың шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Қоғамдық көліктің баламалы түрлерін дамытып, негізгі магистральдарда, әсіресе Есіл ауданында кептелістерді жеңілдету үшін бес ірі көпір салу жоспарланған.

Су тұтыну көлемінің өсуін ескере отырып, Ертіс-Қарағанды каналынан тәулігіне 210 мың текше метр су соратын №4 сору-сүзу станциясы салынады. Бұл ретте техникалық сумен қамтамасыз ету үшін өндірістік қуаты тәулігіне 160 мың текше метр­ге дейін жететін «Тельман» сорғы стансасын кеңейту көзделген.

Жылу және электр энергиясы бойынша № 3 Жылу-­электр орталығының екінші кезегін, төрт жаңа газ жылу стансасын салу және № 2 Жылу-электр орталығын кеңейту, сондай-ақ 110/10 кВ-тық қуаты бар 14 қосалқы стансаны іске қосу жоспарланған. Газбен жабдықтау мәселелерін шешу үшін қолданыстағы № 1 және № 2 автоматтандырылған газ тарату стансаларының қуаты ұлғайтылады, сондай-ақ ұзындығы 71 мың шақырымнан асатын жаңа тармақ бойынша «Сарыарқа» магистраль­дық газ құбырына қосылатын ­№ 3 АГТС салынады.

Сонымен қатар өткен жылы қосымша 2 700 гектар жер бөлінген Астананың «жасыл белдеуін» дамыту жалғасады, онда, сондай-ақ қоғамдық және аула аумақтарын абаттандыру шаралары қабылданады. 2025 жылға дейінгі бас жоспарды іске асыруға барлық қаржы көздерінен тартылатын инвес­тиция көлемі 6,3 трлн теңгені құрайды. Соның ішінде шамамен 4,3 трлн теңге тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция есебінде, ал 700 млрд теңге инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалады.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button