Мәдениет

«Қазақ жәдігерлерімен» таныстырады

«Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры Сауд Арабиясының Абха қаласындағы «Qemam Mountain Performing Art Festival 2024» фестиваліне қатысады. Аталмыш іс-шара 18-28 қаңтар күндері өтеді. Астаналық өнер ұжымы онда «Қазақ жәдігерлері» бағдарламасын ұсынады.

«Қазақ жәдігерлері» – қазақ халқының бағзы замандардан бері сақталып, ұрпақтан-
ұрпаққа жеткен ұлттық құндылықтарын хореография тілінде ұсынатын ерекше формадағы қойылым-концерт. Көрерменді би өнері арқылы ұлттық мәдениетке, эстетикаға, сұлулыққа тәнті етуге, ұлттық рухты көтеруге арналған.

Бұл бағдарлама былтыр Астана қаласының 25 жылдығына орай ұсынылды. Концерт қазақтың салт-дәстүрлерін паш ететін «Тұсаукесер», «Сүйінші», «Секіртпе», «Қайым айтыс», «Көңілашар» сынды ерекше қойылымдарға негізделген. Қазақ жігіттерінің батырлығын, өрлігін, қайсарлығын бейнелейтін «Тау ұлы» биі – театрдың үздік қойылымдарының бірі. «Назбике», «Іңкәр сезім», «Аққу», «Серпін» билері қазақ қызының нәзіктігін, сұлулығын көрсетеді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button