Шаһар шежіресі

Күйші Тұрысбек – Целиноградта

Қазақ күй өнеріндегі алып тұлғаның бірі – Тәттімбеттің тамаша мұрасын ел арасында тыным таппай насихаттаған домбырашы Тұрысбек ­Түсіпбеков. Ол 1989 жылы шілде айында Целиноград қаласында болып, Тың игерушілер сарайында көркемөнерпаздармен, педагогика институты студенттерімен кездесу өткізді, өнер көрсетті.

Тұрысбек қаз­ақ­тың атақты жазу­шыларымен, композиторларымен, ғалымдарымен жиі хат жазысып тұрған. Солардың бірі қазақтың классик жазушысы, асқан сөз зергері ­Ғабит Мүсірепов жас домбырашыға үлкен үміт артқан. Ол 1981 жылы 5 қыркүйекте күйшіге былай деп хат жазыпты:

«Қадірлі Тұрысбек күйші… Тегі сонау Бертіс атаңнан өрбіген нәсіл дүниеге босқа келмеген боларсыңдар… Мықтап үйреніп көр. Туған жер, орман-суың бір екен, одан да бірдеме ауысқан болар. Қалайда сен өзің елің таныған күйшісің, Егіндібұлақ ауданында өнер өркендеуіне жағдай бар сияқты. Өнерге ұстаз керек. Еңбегіңе өнімділік, мазмұндылық, көркемдік тілеймін».

Ғазиза Исахан

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button