Жаңалықтар

Есіл ауданы әкімі тағайындалды



Кеше қалалық мәслихаттың XXVII кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар Астана қаласы Есіл ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын қолдады. Есіл ауданының әкімі қызметіне Төлеген Закарьянов тағайындалды.

– Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов стратегиялық тұрғыдан маңызды деген басқармалардың біріне жетекшілік етіп, қаладағы ірі жобалардың іске асырылуына өзінің сүбелі үлесін қосқан болатын. Оның мол тәжірибесі бар. Ол аймақтарда, министрліктерде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді, – деді сессия жұмысына қатысқан Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.
Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

 

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button