Sport

ЕСКЕКШІЛЕР ЖОЛДАМАНЫ ЕСЕЛЕДІ



oboitut.com_1407308850

Келесі жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын астаналық спортшылардың қатары көбейіп келеді. Жақында Индонезияда аяқталған Азия чемпионатында байдарка мен каноэде ескек есу бойынша Сергей Токарницкий мен Зоя Ананченко алтын және күміс медаль еншілеп, ел қоржынын тағы екі лицензиямен молайтты.

Аталмыш чемпионатқа 20-дан аса елден 475 спортшы қатысты.
Алтыннан алқа тағып, 200 метр қашықтықта Азия чемпионы атанған Сергей Токарницкий – қаламыздағы Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі.
Ал, Зоя Ананченко 500 метр қашықтықта мәре сызығын екінші болып кесті. Ол – байдарка мен каноэде ескек есу бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Инчхон қаласында өткен XVII Азия ойындарының қола жүлдегері.
Сонымен, Бразилияға баратын жерлестеріміздің саны да біраз болып қалды. Осыған дейін Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алғандар – Елена Потапенко (қазіргі заманғы бессайыс), Инна Клинова (байдарка мен каноэде ескек есу), Досжан Қартықов пен Алмат Кебісбаев (грек-рим күресі), Флорида Менянова (жеңіл атлетика), Василий Левит және Данияр Елеусінов (бокс).




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button