Білім

ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖЕҢІМПАЗ



L.N

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сапа жағынан Х халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

«Ірі кәсіпорын» аталымын иеленген ЕҰУ-ге жүлде тапсыру рәсімі 5 желтоқсан күні Левен қаласында Еуропалық сапа ұйымы (EOQ) Бас ассамблеясының 123-отырысында өтті. Салтанатты рәсімге университет атынан техника ғылымдарының докторы, профессор, сәулет және құрылыс факультетінің деканы Талғат Байтасов арнайы барып қайтты.

Кәсіпорын қатысушыларын EFQM жетік моделі бойынша бағалаған шараға 30-дан аса еу­ропалық сапа жөніндегі ұлт­тық ұйым көшбасшылары мен Еу­ропалық кеңес президенті Ван Ромпей қатысты. Халықаралық турнирде қол жеткізген Еуразия ұлттық университетінің бұл жеңісі кәсіби мамандарды даярлаудың жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте көрсетсе керек.

Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сапа жағынан халық­аралық турнирі Бүкілресейлік сапа ұйымы, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сапа жағынан ұлттық ұйымдары, Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) қол­дауымен 2005 жылдан бері өткізіліп келеді.

Айта кеткен жөн, Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы «Алтын сапа» иегері, сапа және қыз­мет көрсету бойынша ТМД елдері
арасында топ жарған ЖОО арасында әлемдік рейтингте алдыңғы орындағы оқу орны. Мұндай жо­ғары атақ пен марапатқа ие болу – тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ректор Ерлан Сыдықов басшылық ететін университеттің профессор оқытушылар құрамы мен ұжым еңбегінің нәтижесі.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button