Таным

ЕСІМДЕ ЖАҢҒЫРҒАН ЕРЕКШЕ КҮН

nyrgozja_oraz

Есіме алсам, 1997 жылдың 10 желтоқсан күні әлі көз алдымда. Ел астанасының Алматыдан Ақмолаға көшірілгеніне арналған сол тарихи оқиғаға өзімнің де куә болғанымды мақтаныш етемін.

…Ару қала – Алматыдан келген еліміздің Тұңғыш Президентін қарсы алуға жиналған жұртшылық көп болды. Осындай ұлы шараны жоғары дәрежеде, сән-салтанаты жарасқан той-думанға ұластырып өткізуге облыс, қала басшылары жақсы дайындалды. Біз бір топ ардагерлер Елбасымызға бата беріп, ырымдап қаланың кілтін қолына тапсырған едік. Бұл күн шынымен де есімде жаңғырып қалған ерекше күн болды.

Сондағы халықтың қуанышында шек жоқ еді. Өйткені, олар қазақ халқының болашақтағы барар жолын, ендігі ел тағдырын аса сезімтал көрегендікпен болжаған Елбасының даналығын жан-жүрегімен сезінген-ді. Онсыз да өткен тарихы аумалы-төкпелі болған халқымыз осыншама ұлан-асыр жерді, әлемде сирек кездесетін ұлы даланы жан алысып, жан берісіп қорғап жүріп қиындықтың қияметінен өтіп келгені белгілі. Ал, әлем аласапыран болып, қоғамдық жаңа формацияға өтіп жатқан кезеңде алапат кең жерді сақтап тұру да оңайға түспесі белгілі. Өзге елдерде кішкене жерді қорғау үшін қаншама шайқас, қантөгіс болып жатыр. Біздің халқымызға Алла тағала көш бастасын деп Нұрсұлтандай айбарлы арысымызды берді. Оның қырағы көзі, алғыр ойы, ақылы бізді бейбіт күннің шуағына бөлеп келеді. Ылайым осындай берекелі өміріміз ұзағынан сүйіндіргей.

   Уақыт – тұлпар! Көш екпіні күшті! Міне, қарап отырсақ, Астананың арқа төсіне ту тіккеніне де он жеті жыл толып қалыпты. Астананың тойы – Елбасының тойы деп есептеймін. Бар қазақтың бас қаласына айналған Астанамыздың абыройы асқақтай берсін деп тілеймін.

 

Нұрғожа ОРАЗ,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button