Жаңалықтар

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕГІ МЕРЕКЕ



fada988ce98a20083434ecbbe45318a6

Елорданың туған күніне орай көңілді тапқырлар арасында «Еуразия жүрегінде» атты Астана қаласы әкімінің кубогы ойналды.

Халықаралық деңгейде өткен сайысқа өздерінің ең-ең үздік деген әзілдерімен «Детективное агенство «Лунный свет» (Белгород), «Триод и Диод» (Смоленск), «Плохая компания» (Красноярск), «Азия MIX» (Бішкек) және астаналық «Спарта» командалары қатысты.
Ал қазылық құрамның қатарында Санкт-Петербург қаласынан келген әйгілі көңілді тапқырлар Таймаз Шарипов пен Тимофей Куц, сондай-ақ, «РУДН» командасының капитаны Сангаджи Тарбаевтар болды. Билеттің құнына қарамастан, «Конгресс-холл» залын толтырған көрермендер кіші Александр Масляков жүргізген кештен мерекелік көңіл-күймен шығып жатты.
Сайыс қорытындысы бойынша, «Азия MIX» командасы Астана әкімінің кубогын қанжығаларына байлады.

Күнайым СӘКЕН




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button