Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ШЫНЖЫРЛЫ ШЕЖІРЕСІ

11.06.2015-Kitap

Жұма күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақ хандары» тарихи-танымдық кітабының беташары болды. 

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Сардар» баспасынан жарық көрген кітапты таныстыруға тарихшы-ғалымдар – Х.Әбжанов, Б.Аяған, Б.Кәрібаев және аталмыш баспа үйінің директоры Ә.Қойтанов қатысты.
Кітаптың авторы, профессор, тарих ғылы­мының докторы Б.Кәрібаев:
– Кітапқа қазақтың алғашқы хандары – Керей мен Жәнібектен бастап соңғы хандарға дейін толық түрде зерттеліп, реттеліп енгізілді… Бұл, әрине, таза тарихшыларға емес, қалың көпшілікке арналған танымдық кітап, – дейді.

Ырысбек ДӘБЕЙ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button