Жаңалықтар

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Еліміздің барлық өңірлерінде Астана күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылдау салтанаты өтіп, 1258 адам жаңа үлгідегі партиялық билеттерге ие болды. 

Кеше Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында «Нұр Отанның» 12 жаңа мүшесіне партиялық билеттерді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек табыс етті. «Жыл сайын қатарымызға қосылғысы келетіндердің санының арта түсуі бізді қатты қуантады. Мұндай ниеттің «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев шешіп жатқан ауқымды тарихи мәселелерге атсалысу мақсатынан туындап жатқанына сенімдімін» деп атап өтті Б.Байбек.
Партияға өткендердің қатарында – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясының профессоры Зинаида Федотова, «Жасыл ел» жастар еңбекшілер отряды республикалық штабының жетекшісі Рахат Хамидуллин, «Қазақстан» РТРК ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Құрманбек Қазанбасов, эстрада орындаушылары Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова, Елбасының өмір жолына арналған «Менің балалық шағымның аспаны», «Көшбасшы жолы» фильмдерінің компьютерлік графикасы мен визуалдық әсерін әрлеген, сондай-ақ, «Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары» бейнеантологиясын дайындауға қатысқан Эрнар Құрмашев бар. «Жас Тұлпар» және «Turkvizyon» сыйлықтарының иегері Жанар Дұғалова Елбасы партиясының өкілі болу зор жауапкершілік екенін де атап өтті.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button