Жаңалықтар

АЛҚА ТАҚТЫ АНАЛАР КӨП БАЛАЛЫ

бала-1

Қала күні қарсаңында елордадағы Алматы ауданы әкімінің аппаратында жеті және одан да көп бала туып-тәрбиелеген аналарға салтанатты жағдайда арнау­лы төсбелгілер тапсырылды. 

Аудан әкімі Бекбол Сағын алтын құрсақты аналарды Астана күнімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.
Елімізде ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қолдау жаңаша сипатқа ие болып, балалы отбасыларға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері жыл сайын ұлғайып келе жатқанына тоқталған аудан басшысы отбасы мен ұлттың діңгегі, әр шаңы­рақтың берекесін кіргізіп, көп бала тәрбиелеп отырған асыл аналарға жыл сайын арнаулы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табыс етілетінін жеткізді.
Қаладағы демографиялық үрдіске өз үлестерін қосып жүрген алты анаға «Алтын алқа» және жеті анаға «Күміс алқа» төсбелгісін тапсырғаннан кейін аудан әкімі естелік сыйлықтар тарту етті.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button