Жаңалықтар

Футбол матчы кезінде көлік қозғалысы шектеледі



Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызда «Астана Арена» стадионында өткен маусымның үздіктері – ел чемпионы «Астана»  мен  Кубок жеңімпазы «Қайрат» командалары  Қазақстан Республикасының Суперкубогын сарапқа салады.

03-

Осы матч өтетін уақытта стадионға маңайлас көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.

Ойын сағат 15:00-де басталады. Сағат 13:00 Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары бойында Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Жолдар матч соңына дейін жабық болады. Сондықтан әуежайға баратын астаналықтарға және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына айналып өту жолдарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Ең ыңғайлы жол – Орынбор көшесі арқылы жүру.

Дәстүр бойынша футбол жанкүйерлері  үшін арнайы транспорт ұйымдастырылады. Автобустар жанкүйерлерді бес жерден алып кетеді: «Қазақстан» спорт сарайының жанындағы тұрақ, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионның, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің жанындағы тұрақтар, сондай-ақ, елордалық цирк жанындағы тұрақ.

Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі жанкүйерлерден бұл күні қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.

astana-akshamy.kz




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button