Жаңалықтар

«Garage» стартап алаңы ашылды



Елордада Astana Hub IT-стартаптардың халық­ара­лық технопаркінде жаңа жобаларға арнал­ған «Garage» тегін бағдарламасы іске қосылды.

Шараға келген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев алдымен стартап жобалармен жақынырақ танысты. IT мамандар осында келіп, өз идеяларын тестілеуге, жобаны әрі қарай дамытуға мүмкіндік алады.
– Мемлекет басшысының тап­­сырмасына сай «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жан-жақты жүзеге асып жатқанын жақсы біле­сіздер. Сондықтан технопарк дарынды IT маман­дар үшін жаңа технологиялар мен бастамалардың алаңына айналатынына сенімдіміз. Бұл алаң ұлттық инновациялық экожүйенің өзегі болуы тиіс. Технопаркке отандық және шетелдік стартаптарды тарта отырып, цифр­лық экономиканы қолдау үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Astana Hub-тың негізгі мақсаты – 2025 жылға қарай жергілікті IT компаниялардың капиталын 1 млрд АҚШ долларына жеткізу.
Біз ашып отырған акселерация­лық бағдарлама Астананың 20 жылдығында өтіп жатқаны қуантады. Енді бір 20 жылдан кейін отандық компания­лар әлемдік элитада өз орнын ойып тұрып алуына мүмкіндік туады деп үміттенемін, – деді министр.
ЭКСПО аумағында құрылатын «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі осы жылдың соңына де­йін, нақтырақ айтсақ, қыркүйекте ашылады деп күтілуде.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button