Sport
ГОЛОВКИН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТТІ
Жақында ғана «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына қабылданған, орта салмақта WBA және IBO сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Людвигсбург қаласында кәсіпқой бокстан өткен жекпе-жек барысында ұйымдастырылған қайырымдылық шараға қатысты.
Қазақстан туын биіктен желбіретіп жүрген әйгілі жерлесіміз қайырымдылық шотына 5 мың еуро қаражат аударды. Бұл қаражат SOS-балалар қалашығы халықаралық қозғалысын қолдауға жұмсалатын болады.
Ғалым ҚОЖАБЕКОВ