Қала тіршілігі
Гүлге оранған Елорда
Бас шаһарда әлемдік беделді шара «EXPO-2017» басталды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, көрмені абыроймен өткізуге қалың қазақ барын салып жүр. Әсіресе, көрмені қабылдайтын қала – Астанаға жүктелген міндет зор, үкілеген үміт көп. Осы уақытқа дейін қала әкімдігі елорданы көркейте түсу үшін орасан зор жұмыстар атқарды. Астана көшелерін кезіп жүрсеңіз, әсем гүлдердің көптігінен көз сүрінеді. Биыл арнайы EXPO көрмесіне деп жеті миллион гүл егіліп, шаһардың шырайын келтірді.
Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ