Ел тынысы

«Jana Beles Fest» шығармашылық фестивалі өтеді

Астанада «Jana Beles Fest» шығармашылық фестивалі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастаруымен 1 мамыр – халқымыздың бірлік күніне орай орта арнаулы оқу орындарының бірлігін нығайта түсу мақсатында 22-30 сәуір аралығында «Jana Beles Fest» шығармашылық фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«JANA BELES FEST-2024» фестивалі елордалық жастардың ең жігерлі және шығармашылық өкілдерін біріктіретін студенттер үшін маңызды іс-шаралардың бірі болып саналады. Фестивальдің мақсаты – Астана қаласының жастары арасында мәдениет пен өнерді дамыту, сондай-ақ көшбасшылық дағдылар мен коммуникабельділікті дамыту, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту, мәдени тәрбиені арттыру, талантты студенттерді анықтау және жан-жақты қолдау.

Жобаның ашылу салтанаты 22 сәуір күні өтеді. Ал жабылу салтанаты Бейбітшілік және Келісім сарайында өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button