Басты ақпаратҚала тіршілігі

Кей көшеде солға бұрылуға болмайды

Елордада жолда жүру қозғалысын ұйымдастыру ережесіне кезең-кезеңмен өзгерту енгізілетін болды. Енді көше қиылыстарында солға бұрылуға тыйым салынып, оған балама ретінде кері айналу үшін қауіпсіз кеңістіктер жасалады.

Полиция департаменті­нің мәліметіне сүйенсек, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін бұған дейін ешқандай құрылғымен реттелмей келген 5 учаскенің жаяу жүргіншілер өтпелеріне бағдаршам орнатылған. Тағы 14 осындай өтпелерге бағдаршам қою жоспарланған.
Түнгі уақыттарда жаяу жолаушылардың көру мүмкіндігін жақсарту үшін күре жолдарға жақын маңайлар қосымша жарықтандырылатын болды. Қазіргі кезде бес өтпе тұсына қосымша жарық қосылды. Алдағы күндері басқа өтпелерді де жарықтандыру жоспарланған.
Көлік ағысы кезінде жол қиылыстарында қақтығыс­тардың ықтималдығын мейлінше азайту мақсатында сол бағытқа бұрылуға тыйым салынды. Сондай-ақ оған балама ретінде кері айналудың қауіпсіз орындары жасақталды. Бағдаршамдардың жұмыс режиміне енгізілген өзгертулер қоғамдық көліктердің қозғалысы маршруттарын ескере отырып жүзеге асырылды. Бұл балама тиісті жол белгілері мен бағдаршамның кері айналу бағыттамасының символы көрсетілген қосымша секция орнату арқылы жасалған. Жол қозғалысын ұйымдас­тырудың осы схемасын алдағы күндері 7 учаскеге енгізу жоспарланған.
Сондай-ақ, 6 учаскеде жол қиылыстары тұсында автомашиналардың қозғалысын үйлестіру белгілерінің үзік-үзік сызықтары сызылған. Мұндай белгілерді алты және одан көп қозғалыс жолағы бар барлық магистралдық жолдардың қиылысында қолдану жоспарланған.
Негізгі қуат көзінен берілетін электр энергиясы өшіп қалған жағдайда, бағдаршамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Қорғалжын тасжолының Бейсекова көшесімен қиылысатын тұсында аккумулятор батареясы орнатылды. Мұндай батареялар қаланың барлық көшелеріне кезең-кезеңмен орналас­тырылатын болады.
Сонымен қатар, саябақ ауданында және Мәңгілік Ел – Қабанбай батыр – Сауран және Хусейн Бен
Талал көшелерінің тоғысында жаңадан салынып жатқан мешіт аумағында жаңа автожол төселеді. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарын қоятын орынды анықтау үшін жол құрылысы жұмыстарын жобалауға Полиция департаментінің өкілдері де қатысып, өз ұсыныстарын енгізді.
Жүргізушілерді қала көшелерінде болып жатқан өзгерістермен алдын ала ақпараттандыру үшін жеті жол қиылысы мен жолайрықтардың үстінде көлік қозғалыс бағытын көрсететін жол белгілері ілінді. Қазіргі күні мұндай белгілерді жол қиылыстарында орнату жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button