Жаңалықтар

«КЕЛ, ЖАСТАР, ОҚЫЛЫҚ!»



«Меga» ойын-сауық орталығында «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Оқы және достарыңа тарат!» атты акция өтті.

Республикалық «Кел, жастар, оқы­лық!» науқаны аясында жүзеге асыры­лып­ отырған аталмыш шараның басты­ мақсаты – жастардың кітап оқуға қызығу­шы­лы­ғын арттыру. Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының өлеңдері, Оралхан Бөкейдің «Атаукере» повесі жазылған аудиокітаптармен қатар, Эрнест Хемингуэй, Виктор Гюго, Лион Фейхтвангер, Оноре де Бальзак сынды әлемдік классиктердің 100-ден аса кітаптары тегін таратылды. Сондай-ақ, әлем әдебиетіндегі үздік шығармалардың электронды нұсқалары оқырман назарына ұсынылды.

Мәдина ЖАҚЫП




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button