Мәдениет

Кітапханада бардпен кездесті

Елордадағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Ауғанстаннан кеңес әскерлері шығарылуының 35 жылдығына орай бард Асқар Сағынаевпен кездесу өтті.

Көрнекті ақын Олжас Сүлейменов­тің батасын алған Асқар Сағынаев – Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымының құрметті мүшесі. Отан алдындағы борышын басқа жерде өтеп, от пен оқ көрмесе де, осы ұйыммен тығыз қарым-қатынас орнатып, ұзақ уақыт әскери-патриот­тық жұмыспен айналысты. Атап айтқанда, мектептерге, басқа да білім ошақтарына барып отаншылдық рухтағы әндерді салды. Оның орыс тілінде «Стрела Аллаха» атты жыр жинағы, әскери тақырыптағы өлеңдер мен әндер дискісі жарық көрді. «Әуе десантты әскер-2012 жыл. Әскери даңқ жолымен» халықаралық автожорыққа қатысты. Бард Ресейде және Беларусь Республикасында өткен «Автомат пен гитара» халық­аралық конкурсының дипломанты, «Виват, Қазақстан!» республикалық байқауының лауреаты.

Бардпен кездесуге Ауғанстан соғысының ардагерлері қатысып, Асқар Сағынаев осы соғысқа қатысқандар мен оны көрмегендер арасында көпір орнатқанын атап өтті. Осы соғыстан қайтпағандарды еске алды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button