Мәдениет

Архив мәселелері талқыланды

Астана қаласының мемлекеттік архиві жанындағы ғылыми-­әдістемелік кеңес төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тілеуғали Қышқашбайдың төрағалығы­мен аталмыш кеңестің отырысы өтті.

Ғылыми-әдістемелік кеңестің мақсаты – архивте архивтану, археография, құжаттану және Қазақстанның жаңа тарихы бойынша жүргізілетін ғылыми жұмыстардың тақырыптарын қарастыру, архивті ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ұсыныстар әзірлеу және қабылдау. Жиында маңызды төрт мәселе қаралды. Атап айтқанда, ғылыми-әдіс­темелік кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді. Архивтің осы жылға арналған жұмыс жоспары туралы ғылыми-зерттеу және ақпараттық-түсіндіру жұмысы қызметінің басшысы Ғазиза Исахан
баяндама жасады. Бұл мәселелер бойынша Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлмира Төлеуғазықызы өз ойын ортаға салды. «Arhiv habarşysy» журналына жарияланатын ғылыми мақалаларға қойылатын талаптарды анықтау бо­йынша ғылыми-әдістемелік кеңестің хатшысы Серік Баяхметов баяндады. Ұлттық қорғаныс университетінің аға оқытушысы Асқар Макипов, Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы архив ісін ұйымдас­тыру бөлімінің басшысы Жангүл ­Тажина түрлі кеңес беріп, ой-пікірімен бөлісті. Кеңес мүшелері сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді. Соның бірі – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Гүлнәр Мұсабалина.

Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин айтылған ұсыныстар ескеріліп, бекітілетінін айтты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button