Елорда тынысы

Көгалдандыру жарғысы қаралады



Елорда әкімдігі қалалық Урбанистика орталығымен бірлесіп, Астананы көгалдандыру жарғысын әзірлеп жатыр. Құжат қалалық мәслихаттың отырысында қаралады.

Көгалдандыру жарғысы нақты шараларды, жоспарларды және Астананы көгалдандырудың жалпы стратегиясын қамтитын ережелер мен ұсыныстар жинағы болады. Құжат – қаланың барлық қатысушылары, оның ішінде тұрғын үй кешендері, өнеркәсіп және коммерция нысандары, сауда және бизнес орталықтарына сапалы көгалдандыру және көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аудару құралы.

Тиісті құжат аясында жасыл желек, суару жүйесі және күтім жұмысымен қамтамасыз ету, ағаштар саны бойынша регламент және т. б. талаптар қабылданады. Мысалы, биыл құрылыс салушылар тарапынан жасыл желекті отырғызу 2,5 есеге ұлғайды. Қала бойынша 100000-нан астам жасыл желек отырғызылды. Бүгінгі таңда жасыл желекке жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша елорданың бір тұрғынына көгалдандыру алаңы 14 шаршы метрді құрайды. Мақсат – оны бірнеше жыл ішінде 19 шаршы метрге дейін арттыру.

Қаланы көгалдандыру бойынша ұсыныстар мен идеяларды тұрғындар Урбанистика орталығының centerofurbanism@gmail.com пош­тасына жібере алады. Ұсыныстар өңделеді және ескеріледі. Биыл желтоқсан айында қаланы көгалдандыру жарғысы Астана қаласы мәслихатының отырысында қаралады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button