ЖаңалықтарҚала тіршілігі

КӨЛІК ТҰРАҒЫ КӨБЕЙЕДІ



Елордада «Астана қаласындағы көлік тұрағын басқару» жобасының бірінші кезеңі басталды.

erm_6167-kopirovat

472 орынға арналған көлік тұрағы «Нұржол» саяжолында орналасқан. Қазіргі таңда көлік саласының мамандары автокөлік иелеріне тариф, төлем тәсілдеріне қатысты тұрақты пайдалану ережелерін түсіндіруде.

«Астана қаласындағы көлік тұрағын басқару» жобасы елорданың көлік кешендерін жаңғырту бағдарламасы аясында қолға алынып, вокзал маңы, коммерциялық паркингтер, жолшыбай тұрақтар бойынша көше-жол желілерін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. Аталған басқару жүйесі қаладағы көлік қоятын орындарға мониторинг жүргізу үшін, жүргізушілерге бос орындар туралы ақпарат беруге, жол қозғалыс ережесі бұзылған жағдайда және тұрақ орындарына ақы төленбеген кездерде автоматты түрде тіркеу үшін қолға алынып отыр.

Пилоттық жоба құрамына 9 мың көлік қоятын орынды қамтитын көше-жолдардың желісі қарастырылған. Бағдарлама жүретін жолдың бөлігінде ұзақ уақытқа қоятын автомобильдерді азайту арқылы көше-жолдар желісіндегі жүктемелерді 20-30 пайыз­ға кемітуге, көлік тұрақтарының кеңістігіндегі көрсеткішті 40-50 пайызға азайтуға және қоғамдық көліктерге сұраныс­ты 15-20 пайызға көбейтуге бағытталған. Сонымен қатар, жоба қала орталығындағы көлік қозғалысының жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Көліктің қатысуымен болатын апатты оқиғаларды 70-80 пайызға дейін азайтып, жаяу жүргіншілердің, қоғамдық көлік құралдары мен автомобильдердің қозғалысына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді деп күтілуде.

photo_195657-kopirovat

Жобаны тестілеу кезінде көлік иелерінен жаңа жүйемен кеңірек танысу мақсатында тұраққа көлікті қою үшін ақы төлеудің қажеті жоқ дейді жоба әзірлеушілері.Көлік қозғалысы көп жерлерде ақылы тұрақтарды қою арқылы бірқатар маңызды мәселелердің түйіні шешілмек. Әлемдік тәжірибе бойынша, осындай жобалар – кептелістің орын алмауы мен жол ережесін бұзу көрсеткішін төмендететін тиімді тәсілдердің бірі. Елорда тұрғындары мен қонақтары толығырақ ақпаратты Call-орталықтың 8 800 080 28 88 нөмірі арқылы немесе www.astra-park.com ресми сайтынан біле алады.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button