Жаңалықтар

Көрнекті интерактивті кешен



Бас қалада өткен Қазақстан ұлттық тарихшылар конгресінің VIII отырысында Абай интерактивті кешенінің таныстырылымы болды.

Аталған кешенді Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Абай академиясы ғылыми-зерттеу институты әзірлеген. Осы институттың директоры Ерлан Сайлаубайдың айтуынша, бұл кешен бірнеше бөлімнен тұрады. Ең алғашқы бөлім – Абай тұғырнамасы. Онда ақын замандастары мен ұрпақтарының естеліктері, абайтанушы ғалымдардың академиялық зерттеулері жинақталған. Екінші бөлім – Абайдың шығармашылық әлемі. Мұнда ақын өлеңдері мен қара сөздерінің, поэмалары мен аудармаларының әрқайсысы жеке-­жеке аннотациялық сипатта талданған және әр туындының толық мәтіні аудионұсқа түрінде берілген. Сондай-ақ оқырмандар одан хакім атамыздың қара сөздерінің шығу тарихымен танысып, оны аудио­нұсқада тыңдай алады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button