Мәдениет

Жаңа сахнада – ұлы Абай

Кеше елорданың мәдени өмірінде ерекше оқиға болды. Тәуелсіздігіміздің төл құрдасы – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры биыл пайдалануға берілген жаңа еңселі ғимаратта өзінің мерейтойлық ХХХ маусымын салтанатты жағдайда ашты. Шараға Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты.

Жаңа ғимарат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасымен салынғанын атап өту керек. Таяуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті театрды аралап, өнер ұжымына ақ жол тіледі.
Көркі келіскен өнер ордасындағы алғашқы қойылымға келсек, көрермен назарына М.Әуезовтің «Абай» спектаклінің жаңартылған нұсқасы ұсынылды.

Спектакльді сахналаған режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков туындының жаңа нұсқасын мерейтойлық маусымға арнайы дайындады.
Маусымашарға бас санитардың қаулысы бойынша 50 адам ғана қатысты. Театр залында пандемияға байланысты орындар шахматтық тізбекпен қойылып, санитайзерлер орнатылды. Бірақ қаллекиліктер театрсүйер қауымға театрдың жаңа ғимаратын көруге, «Абайды» тамашалауға тағы екі күн беріп отыр. Спектакль бүгін және ертең де өтеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button