ҚоғамТәуелсіздік күні

Елбасы мемлекеттік наградалар тапсырды

Елбасы барша қазақстандықты еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Салтанатты шара барысында Нұрсұлтан ­Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А.Маминге, Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі Д.Ақышевқа, Алматы облысының әкімі А.Баталовқа, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы А.Әшімбекұлына, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры А.Дзюбаға, «Mabetex Group» компаниясының негізін қалау­шы Б.Паколлиге, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары С.Сейтеновке мемлекеттік наградалар тапсырды.

– Қазақстанның өркендеуі мен ел игілігі – сіздер үшін ең маңызды дүние. Бұл марапаттар – ел дамуына сіңірген ерен еңбектің жемісі. Баршаңызды осы жоғары мемлекеттік наградалармен шын жүректен құттықтаймын. Мықты денсаулық, бақ-береке мен табыс тілеймін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, мемлекетіміз өркендей берсін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button