ҚоғамТәуелсіздік күні

Мереке қарсаңындағы марапат

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Павлодар облысы «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің машинисі Мұрат Қайыргелдинге және Теміртау металлургия комбинатының атқарушы директоры Вадим Басинге берілді.
«Отан» орденімен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы марапатталды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Kazakhmys Holding» ЖШС президенті Владимир Ким, «BSB» Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы» ЖШС президенті Рашит Сарсенов; І дәрежелі «Барыс» орденімен Жәния Әубәкірова авторлық мектебінің директоры Жәния Әубәкірова, ақын Шөмішбай Сариев, Алматы облысы «Хильниченко и К» коммандиттік серіктестігінің төрағасы Виктор Хильниченко; ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен жазушы, «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Әлібек Асқар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы орталықтың жетекшісі Әлия Бейсенова, Конституциялық Кеңес мүшесі Асхат Дауылбаев, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің ғылыми басшысы Бақберген Досманбетов, Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед; ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев марапатталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 21 көрнекті өкіліне берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button