Жаңалықтар

Күн жылынады



Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жылынады. Бұл жөнінде  Қазгидромет мәлім етті.

erm_5115

Мамыр айында ауа райының құбылмалы болуы осы айдың дәс­түрлі ерекшелігі десе болады. Биыл да сол үрдіс сақталып отыр. Елі­міздің солтүстік және орталық облыстарында түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7…15°С болады деп күтілуде. Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде ауа температурасы 1…3º дейін төмендейді. Еуропалық Ресейдің оңтүстік аумағынан жылжыған циклондар Қазақстанға ауысып, олар шығысқа қарай жылжи отырып, жаңбыр шақырып, кей жерлерде найзағай ойнайды, екпінді жел алдымен республикамыз­дың батысында, содан кейін солтүстігі мен орталығында, оңтүстігінде болады деп болжануда. Оңтүстік-батыс тропосферлық ағындардың әсерінен ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде.
Елордамыз – Астана қаласында бүгін жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасып, ауа тем­пературасы түнде +6-8°С, ал күндізгі уа­қытта +20-22°С дейін көте­ріледі. Ал ертең 21 мамыр күні жылы ауа райы сақталып күндіз +24-26°С дейін жылынады деп болжап отыр Қазгидромет мамандары.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button