Жаңалықтар

Жастарға үміт үлкен

«Жастар – біздің болашағымыз» деп жиі айтылады. Себебі жалындаған жастарға көп үміт артылады. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да айтылды. Сол себепті жастар ұйымының өкілдері мақаланы жан-жақты талқылауға жиналды.

zhastar

Белсенділер өскелең ұрпақ ел дамуына елеу­лі үлес қоса алатынына сенімді. Себебі әлемдегі ең соңғы технологияларды қолдана отырып, күнделікті өмірге қажетті өнімдерді шығару көп тіл білетін жастардың қолынан келеді дейді олар. Сондай-ақ, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының өкілдері «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарды жасады.
«Біз Мемлекет басшысының мақаласына сүйене отырып, өзекті мәселелерді алға тарттық. Өз ойымызды білдіріп, келешек ұрпақтың қоғам өміріндегі рөлін айқындадық» деді Астана қалалық «Жас Отан» жастар қанатының орынбасары Дәурен Ұзақбаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button