Ел тынысы

Латвиямен мәдени байланыс нығаяды

Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту және бейінді ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдарды тереңдету перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов Латвияның Мәдениет министрі Агнеса Логинамен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Латвия тарапын халықтарымыздың достық және мәдени байланыстары, Латвиядағы қазақстандық мәдени және ақпараттық орталықтардың жұмысы, өткізілген және алдағы мәдени-шығармашылық іс-шаралар, сондай-ақ Қазақстандағы мәдениет пен өнер саласын дамытуға қатысты кешенді жұмыстар туралы хабардар етті. Сонымен қатар Елші мәдениет саласындағы екіжақты қатынастарды жандандыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстар жасады.

Өз кезегінде А. Логина белгіленген бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға мүдделілігін және қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға дайын екенін растады.

Сұхбаттасушылар өзара мәдени алмасуды ынталандыру және барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдау қажеттілігімен келісті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button