Ел тынысы

Мәслихат депутаттары әлеуметтік орталық аумағына ағаш отырғызды

Астанада «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы аумағына ағаш отырғызылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Игі шараға қалалық мәслихат депутаттары, Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты, қалалық басқарма өкілдері мен еріктілер қатысты.
Орталық аумағына қылқан жапырақты, қайың, қарағай сияқты 50-ден астам ағаш отырғызылды.

Мәслихат депутаты Ерлан Дәкенов көгалдандыру жұмысына қатысып, экоакцияға белсенді атсалысу әрібір азаматтың парызы екенін атап өтті.

«Бүгін мәслихат депутаттары «Шарапат» әлеуметтік орталығына келіп, өзіміздің үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл бірінші рет емес, яғни сәуір айы басталғалы қаламыздың бірнеше аймағында тал ектік. Жасыл желек қаламыздың көркеюі үшін керек деп ойлаймын. Сондықтан да осындай көгалдандандыру жұмысына белсенді атсалысу керек»,- деді Ерлан Дәкенов.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ардақ Сейітованың сөзінше, бұған дейін орталық аумағына 500 түп ағаш отырғызылған.

Орталық аумағында өздеріңіз көріп тұрғандай «Ардагерлер» аллеясы бар. Жалпы бізде сенбіліктер жиі өтіп тұрады. Орталықтың қызмет алушылардың басым көпшілігі қарттар болғандықтан, қаладағы барлық мекеме қызметкерлері көмектесіп тұрады», – деді орталық директоры.

Сондай-ақ, әлеуметтік орталықта Жеңіс күні қарсаңында ауданның мәдени мекемелері ұйымдастырған мерекелік концерт өтті.

Осы апта «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналған.

Ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button