Қоғам

Мамандығыма адалмын!



Мен №1 автопаркте 2015 жылдан бері автобус жүргізушісі болып қызмет етемін.

Мен бұл қызметке баулыған әкем, өзі де автобус жүргізуші болған. Әкемнің қасында жүріп осы жұмысқа қызығушылығым оянды. Таңғы 5:00-ден жұмысқа асығамыз. Бағытымызды анықтап алып, медициналық тексеруден өтеміз. Одан кейін автобусты тұрақтан шығарып, жұмысқа кірісеміз. 18 жасымнан бері көлік жүргіземін. Халыққа 5 жылдан бері қызмет етіп келе жатқандықтан, жолаушылардың да жүзі таныс. Көргенде амандық-сау­лық сұрасып тұрамыз. Халықпен қалай жұмыс істейсің, олар да дәл солай жауап қайтарады. Автобус жүргізушісі болу үшін сабырлы, жауапкершілігі мол болуы карек. Таңнан кешке дейін халқыма адал қызмет етіп, үйге аман-есен оралсам, соның өзі – үлкен қуаныш, мен үшін жетістік.

Данияр САТИШЕВ,
автобус жүргізушісі




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button