Жаңалықтар

Қалам ұстаған әріптестер – сенбілікте

Күн өткен сайын көгалданып келе жатқан елордамыздың көркеюіне тұрғындармен қатар мемлекеттік мекеме ұжымдары да бір кісідей үлес қосуда. 

«Күз айы келгеннен бастап әр сенбі ағаш отырғызу шарасы дәстүрге айналған. Ауа райына қарамастан қала тұрғындары игі іске мұрындық болып жүр» деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Бұл жолғы көгалдандыру жұмыстарына Elorda Aqparat ЖШС-нің қызметкерлері, журналистер қауымы атсалысты. «Сенбілікке мекемемізде көп жылдар бойы еңбек еткен қызметкерлеріміз бен жаңадан қосылып жатқан жас мамандар келді. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы үшін өнегелі шара. Қала әкімдігі мен Алматы ауданының қолдауымен осындай акцияға қатысып жатырмыз. Барлығымыз елордамыздың көркеюі жолында еңбек еткендіктен қалам ұстаған әріптестеріміз де үлес қосуда» деді Elorda Aqparat ЖШС директоры Жарқын Жұмаділов.
Пандемия кезінде әсіресе көпірдің астында ашылған спорт алаңдарына жастардың көп жиналғаны белгілі. Ендеше мұндай игі шаралар көпке үлгі болары анық.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button